РЕФОРМА ФУНКЦИОНАЛДЫ ҰТЫМДЫ ҚҰРЫЛЫМ ҚҰРУҒА МҮМКІНДІК БЕРДІ

Ел болып еңсе түзегелі, тәуелсіздіктің таңы атқалы қазақ елінің басынан небір жайттар өтті. Соңғы 3-4 жылдың өзінде тарихта болмаған төтенше жағдайларды бастан өткердік десек артық айтқанымыз емес.

Табиғи техногендік апаттардың алдын алу жайлы, ауа райының құбылмалы сәттерінің, қауіпті сәттері жайлы ескертіп, үнемі еліміздегі ең басты байлық саналатын адам өмірін төтенше жағдайлардан, табиғи апаттардан, өрттен қорғап жүретін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрілігінің тарихы тереңде жатыр.

ТЖ-ның алдын алудың және оларды жоюдың тиімді жүйесін жасау ісіндегі алғашқы қадам «Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесін құру туралы» Президент 1991 жылғы 21 тамыздағы Жарлығынан басталды. Соған сәйкес республика халқы мен аумағын авариялардан, апаттардан және дүлей зілзалалардан қорғау ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларының бірі болып танылды. Осы Жарлықпен ең алғашында Төтенше жағдайлардың мемлекеттік комиссиясы ту-ралы ереже бекітілді. Мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін қайта құру барысында 1995 жылғы 19 қазанда еліміздің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде – Қазақстан Республикасының Төтен¬ше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті (ТЖМК) құрылды.

 Бұрынғы мемлекеттік қалалық техникалық қадағалаудың функцияларын және өкілеттігін ТЖМК-ға беру, одан әрі Мемлекеттік өртке қарсы қызметін ТЖМК құрамына енгізу саланы қайта қалыптастырудың келесі кезеңі – ТЖМК функцияларының кеңеюі және оның құрылымының нығаюы кезеңінің бастамасын білдіреді. Сонан кейін ТЖМК Төтенше жағдайлар комитеті, одан кейін Төтенше жағдайлар агенттігі болып қайта құрылды. Президенттің тапсырмасы бойынша 2008 жылғы 22 қаңтардағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында 2008-2009 жылдары ТЖМ жүйесінде әкімшілік реформа болып, ол орталық аппарат және облыстардағы дара басшылық рөлін үйлестіруді барынша күшейтіп, жаңа, функционалды ұтымды құрылым құруға мүмкіндік берді.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрілігі болып жұмыс жасап тұр. Қазіргі басшысы Ильин Юрий Викторович.

Ал біздің өңірдің яғни, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жүнісов Нұрғали Сырлыбайұлы. (суретте)

Айта кетейік Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөліністеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлінісі болып табылады.

Біле жүргеніміз артықтық етпейді.

Н.БАЗАРБАЙҚЫЗЫ. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған