Түркістан облысының әйелдер құрамасы Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР кубогінде жүлделі орыннан көрінді

 Әйелдер арасында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР кубогіне арналған турнирде Түркістан облысының құрамасы жүлделі екінші орынды еншіледі. Ақтау қаласының «Жартасты соқпағында» Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының кубогіне арналған турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Жарыс ерлер арасында шабуыл сатысымен көтерілу, әйелдер арасында кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, әйелдер арасында шабуыл сатысымен көтерілу, ерлер арасында кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, ерлер арасында жауынгерлік қанат жаю және әйелдер арасында жауынгерлік қанат жаю түрлерінде өткізілді.

Құрамы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша 4 халықаралық санаттағы, 2 ұлттық санаттағы төрешіден және 12 төрешіден тұратын төрешілер бригадасы ең мықты командаларды анықтады.

Үздік нәтиже көрсеткен командаларды Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Орынбасаров, турнирдің бас төрешісі – Маңғыстау облысының ТЖД бастығы полковник М.Мұханов, «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің директоры Д. Данаев, Маңғыстау облысы ТЖД ардагерi Р.Абдурахманов марапаттады.

 Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР кубогіне арналған турнирде ерлер арасында Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды  Шығыс Қазақстан облысының командасы, үшінші орынды Қызылорда облысының командасы иеленді. Әйелдер арасында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР кубогіне арналған турнир жеңімпазы – Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасы. Екінші жүлделі орын Түркістан облысының құрама командасында. Көшбасшылар легінің үшінші орнын Алматы қаласының командасы иеленді.

Жеңімпаздар  грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

mixnews.kz ақпарат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған