«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР

«2019 жылдан бастап талапкерлер үшін Ұлттық Бірыңғай тестілеуді қаңтар айында тапсыру мүмкіндігі туып отыр. Қаңтар, наурыз және тамыз айларында өткізілген ҰБТ-ға қатысу мектеп бітіруші түлектің  жоғары оқу орнында тек ақылы бөлімге түсуіне құқық береді. Егер мектеп бітіруші түлек мемлекеттік білім грантын алғысы келсе, міндетті түрде маусым айында өткізілетін ҰБТ-ға қатысуы керек» деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз орталығы.

Осы жылдың 18-20 қаңтар аралығында 74 пунктіде бірінші «қысқы» ҰБТ өткен болатын. Тестілеуге қатысуға 35 838 адам: 25 615 адам қазақ тілінде, 10 162 адам орыс тілінде, 61 адам – тестілеуді ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірген.  Қатысушылардың санаты бойынша 29 789 – 11-(12) сынып оқушылары, 3 268 – ЖОО-ға шартты түрде түскендер, 2 781 – шығармашылық мамандықтарынан басқа мамандықтарға ауысушылар.

ҰБТ-ға қатысқандардың саны – 34 687. Мүмкіндігі шектеулі жандар – 9, ҰБТ-ның шекті деңгейінен өткендер  24 012 адам (69%), шекті деңгейден өте алмағандар – 10 675 (31%).

ҰБТ тесттерінің мазмұнына қатысты Республикалық аппеляциялық комиссияға 8 өтініш келіп түсіп, оның 3-еуі қанағаттандырылған.

Тестке қатысушыларға қолайлы жағдай жасау үшін барлық түлектерге сертификатпен бірге білім беру бағдарламаларының тізбесі көрсетілген ағымдағы жылы бөлінетін гранттар саны, өткен жылғы білім беру грантын беру конкурсының нәтижелері және өткен жылдың шекті балл көрсеткіштері қоса берілетін ақпараттық парақтар ұсынылады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар ұсыну қарастырылған. Сондай-ақ «Алтын белгі» иегерлеріне балл ұпайлары тең түскен жағдайда басымдық беру көзделіп отыр.

Фото: ztb.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған