ЖЫЛЫНА 3 200 ТОННА ҚАҒАЗ ҮНЕМДЕЛГЕН

Медицина ұйымдарының электрондық форматқа өтуінің нәтижесінде жылына 3 200 тонна қағазды үнемделген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Орталық коммункациялар алаңында өткен брифингте баяндады.

Денсаулық сақтау вице-министрлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық медициналық ұйымдардың жұмысты қағазсыз жүргізу форматына толықтай көшуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүріп жатқанын мәлімдеді.

– Жалпы «Қағазсыз аурухана» пилоттық жобасының шеңберінде 2019 жылдың 21 қаңтардағы жай-күйі бойынша барлық өңірлердің жоспарланған 694 (99.3%) денсаулық сақтау ұйымынан 689-ы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың есептік-есеп 127 нысанынан 103 электрондық түрде жүргізеді. Сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 907 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес электрондық түрде жүргізілуі тиіс нысандардың саны – 4 және МАЖ болған жағдайда электрондық түрде жүргізілуі тиіс нысандардың саны – 229, оның ішінде 12 нысан жаңа редакцияда жазылған. Барлық 233 нысан электрондық форматта жүргізілетін болады, – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

Вице-министр сөзін қорытындылай келе, ағымдағы кезеңге жасалған жұмыстардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне тоқталып: емханаға бару саны 2 есеге (орташа есеппен 12 барудан 6-ға дейін); кезек күту 2 есеге (30 минуттан бастап 15 минутқа дейін) азайғанын айтты. Сондай-ақ, дәрігерлер мен пациенттердің уақыты 50% үнемделген (ақпараттың қолжетімділігі). Смартфондар арқылы зерттеулер нәтижелерін алу есебінен оларды алу уақыты 2,5 есеге қысқарып (5 сағаттан 2 сағатқа дейін), жұмыс орындар саны 1,6 % оңтайландырылған (2 871 бірлік). Нәтижесінде медициналық қағаз құжаттамасы есебінен жылына 3 200 тонна қағазды үнемделген.

Мирас ӘСЕМ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған