ӘУЕ АПАТЫНАН ҚАЗА БОЛҒАНДАР САНЫ КҮРТ АРТТЫ

Өткен жылы әлемде әуе апаттарынан қаза болғандар саны күрт артқан. BBC News солай деп хабарлады. Бұл жөнінде Нидерландыдағы Aviation Safety Network (Ред.: Авиация қауіпсіздігі жүйесі) ұйымы мәлімдеме жасаған.

2017 жылмен салыстырғанда өткен жылы әуе апаттарынан қаза болғандар саны өте көп. 2017 жылы 44 адам қаза тапқан болса, 2018 жыл 556 адам көз жұмған.

Бұл тек әуеде қаза тапқандарды есептегендегі көрсеткіш. Бұған әуе апаты салдарынан жерде қайтыс болғандар мен әскери әуе көліктерінің апаттарын қосатын болсақ, бұл көрсеткіштер одан да көп болатыны айдан анық.

Өткен жылдағы ең ауыр әуе апатының бірі Индонезияда орын алған. Lion Air компаниясына тиесілі әуе лайнері Джакарта қаласынан әуеге көтеріліп апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ ішінде болған 189 адамның барлығы дерлік қаза тапқан еді.

Сарапшылардың мәліметінше, осы көрсеткіштерге қарамастан әуе жолы ең қауіпсіз көлік болып қала бермек.

Mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған