АРАБИЯДА ӘЙЕЛДЕРГЕ АЖЫРАСҚАНЫ ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТЕТІН БОЛДЫ

Сауд Араб мемлекетінде «жасырын ажырасуларға» жол берілмейтін болды. Бұл жайлы BBC News жазды.

Бұған дейін күйеулерімен ажырасқаны жайлы тіпті әйелдер білмей де қалатын еді. Билік өкілдері сот өкілдерін ажырасудың тіркелгені жайлы әйелдерге хабарлап отыруды міндеттеді. Енді күйеулері ажырасып кеткен жағдайда сот өкілдері Сауд Арабиядағы әйелдерге олардың некелері заңды түрде бұзылғаны жайлы хабарламаны «SMS» арқылы жіберетін болды.

Сауд Арабиясында әйелдер құқығына өзге елдермен салыстырмалы түрде басқаша қарайтыны белгілі. Соңғы жылдарда әйелдерге футболды алаңға барып тамашалауға рұқсат берілген болатын. Сондай-ақ, былтыр ғана, яғни 2018 жылы әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беретін заң да қабылданған. Айта кетейік, бұған дейін нәзік жандыларға көлік жүргізуге тыйым салынған жалғыз мемлекет – Сауд Арабиясы еді.

Әйелдер құқығын қорғайтын мамандардың пікірінше, әйелдердің неке аясындағы өз статустарын біліп жүруі, олардың өз құқықтарын қорғауға көмектеседі.

Mixnews.kz

Фото: Depositphotos

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған