ТҮЛКІБАСТА САУМАЛМЕН ЕМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

«Түлкібас ауданында туризм саласы даму үстінде» деп хабарлайды Түркістан облысы, Түлкібас ауданы әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылы ауданға 13628 турист келген. Оның ішінде 683 шет ел азаматтары. Бүгінде ауданда көрікті жерлердің тізімі жасалып, келген туристерге аймақты таныстыру мақсатында туристік маршруттар құрылған.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол бойында қазіргі таңда ірі 3 жобаның құрылысы жүруде. Оның бірі – «Құрылыс» ЖШС жол бойы қызмет көрсету орталығы. Жобаның жалпы құны 346,0 млн. теңге, сыйымдылығы 100 орын. Жаңадан 25 жұмыс орны ашылады. Құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған.

«Шұқырбұлақ» жол бойы қызмет көрсету орталығының да құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Жобаның жалпы құны 150,0 млн. теңге. Сыйымдылығы 50 орын. Жаңадан 12 жұмыс орны ашылады («Бизнестің жол картасы-2020» бойынша 25,0 млн. теңге көлемінде газ құбырын жүргізу жұмыстарына құжаттар әзірленуде).

«Шақпақ» жол бойы қызмет көрсету орталығын қайта құрылымдау жобасы 2019 жылы іске асып, 2000 турист қамтылады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны 76,0 млн. теңге, сыйымдылығы 30 орын. Жаңадан 10 жұмыс орны ашылады.

Табиғи емдік туризмді дамыту мақсатында жұмыс істейтін «Жайлау» емдеу сауықтыру орталығы жобасының жалпы құны 347,0 млн. теңгені құрап отыр. Сыйымдылығы 100 орын болатын орталықта жаңадан 50 жұмыс орнын ашу көзделген.

Саумалмен емдеу орталығы («Нұрлыхан» ШҚ) жобасының жалпы құны 340,0 млн. теңге, сыйымдылығы 50 орын. Жаңадан 10 жұмыс орны ашылатын жоба 2019 жылы іске асып, 1500 турист қамтылмақ.

Облыстық бюджеттен инфрақұрылым жұмыстарына 103 млн. теңге қаржы қарастырылып, қазіргі таңда 55 млн. теңгесі бөлінді.

Сондай-ақ, сыйымдылығы 70 орындық «Этно Парк» құру жобасы бар. Жобаның жалпы құны 417,0 млн теңге. Жаңадан 30 адамға жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған