ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Ауа райы ыстық жаз айында өрт шығу қауіптілігі төмендемек емес. Сол себепті де егістік алқаптарындағы өрттердің алдын алу бойынша іс-шаралар жалғасын табуда.

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, 2022 жылдың 3 тамызында жазғы өрт қауіпті маусымы кезінде дала, егістік алқаптарындағы өрттерді алдын алу, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында рейдтер жүргізілді.

Шөп ору науқанында жүрген азаматтарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, машиналар мен тракторлар егін алқаптары мен шабындық жерлерге шығар алдында оларды жарамды ұшқын сөндіргіштермен, өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажеттігі түсіндірілді. Жинау кезеңінде орылған шөпті, өсімдік қалдықтарын жағуға және егістіктерде от жағуға тыйым салынатыны қатаң ескертіліп, өрт қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар таратылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған