СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының консультанты Бейсен Самбетов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында сөз қозғады. Халқымыздың әл-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жету жолында қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңыздығына тоқталды. Сыбайлас жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігі мен еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыстың бірі. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс екені баса айтылды.

Сондай-ақ жиын барысында халықтың демографиялық өсіп-өнуіне, дамуына қол жеткізу қажеттігі айтылып, жол жүру ережелерін сақтау, алкогольдік ішімдік ішіп автокөлік басқармау, Әдеп кодексін сақтау, киім кию үлгісі және техника қауіпсіздігін сақтау тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған