ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАЙЫҚ!

Келес ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен судағы қауіпсіздікті сақтау және оқыс оқиғалар орын алған кездегі алғашқы көрсетілетін көмекті тұрғындар арасында түсіндіру бойынша іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға аудан әкімі аппаратының, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің, №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің, «Абай» Келес аудандық аурухананың қызметкерлері қатысып, тиісті нұсқаулықтар берді.

Сонымен қатар, арнайы белгіленбеген орындарда шомылып жүрген азаматтарға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, ескертулер жасалды.

Шомылудың соңы қайғылы жағдайға душар етпеуі үшін төмендегі қауіпсіздік ережелерін есте ұстаған жөн:

– суға ауаның температурасы 25, судың температурасы 20 градус болғанда ғана шомылған жөн;

– тек арнайы жағажайларда ғана шомылу керек;

– қалтырап тоңғанша суда жүрмеген абзал;

– қол-аяқ тырысқанда үрейленбей, су бетінде болуға тырысып, айқайлап көмек сұрау қажет;

– судың қатты ағынына тап болғанда, ағынға қарсы жүзбей, ағыс бойынша малып жағаға қарай жүзуге тырысқан дұрыс;

– су иіріміне тап болғанда, саспай, ауаны ішке көбірек жұтып алып, суға сүңгіп, ағын бағытына қарай қатты секіріп, судың бетіне шығу керек;

– егер шаршасаң дереу судан шыққан абзал;

– бейтаныс жерден суға секірмеген жөн;

– терлеп тұрғанда және қараңғы уақытта суға шомылуға болмайды;

– суға шомылғанда автокамераны, допты, тақтайларды пайдалануға болмайды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған