ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІ «ЖЕТІ ТАНДЫР» ДӘМХАНАСЫНДАҒЫ ӨРТТІ СӨНДІРДІ

Түркістан облысы еліміздегі ең ауа-райы жағынан ыстық, жазы ерте келетін оңтүстік өңірге жататыны белгілі. Міне, осы орайда, мекемелерде, жабық орындарда, түрлі ғимараттар да өрттің алдын алу шаралары, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Қауіптің алдын алудағы ең басты құрал ол –ақпараттану екені сөзсіз.

Дегенмен, жаз мезгілі ыстық болып ішін-ара ғимараттарда тілсіз жаумен күресуге тиіс жайттар орын алып жатады. Кезекте қауіптің Түркістан облысының өрт сөндірушілері дер кезінде жедел түрде ауыздықтап, адам шығынына жол бермеді.

Оқиға  2022 жылғы 16 маусымда сағат 11.48-де Түркістан қаласында екі қабатты «Жеті Тандыр» дәмхананың екінші қабатында өрт шықты.  Алдын ала мәлімет бойынша өрт 400 шаршы метрді шарпып, ғимараттың шатырына өткен. Өрт сағат 12.50-де оқшауланып, сағат 13.23-те сөндірілді. Өрт көлемі 594 шаршы метрді құрады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды.

Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігінен шығып кеткен.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылғаны анықталды.

Біздің өңір қысы қатты  болмаса да, жазы сақтануды, шомылудың алдын алу, жабық ғимараттарда тілсіз жаудың орын алуы жиі кездесетіні жасырын емес. Осы орайды біз қызметтерін жоғары деңгейде  атқарып орында еңбек етіп, алғыс алып жүрген  төтеншеліктерге алғыстан өзге айтарымыз жоқ.

mixnews.kz ақпарат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған