ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ҮЗІЛМЕЙДІ

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы жылыту маусымы кезінде улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында қала аумағындағы жеке үй секторларына жергілікті атқарушы органдармен бірлесе күшейтілген түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Иә, улы газ өте қауіпті. Улы газ әдетте плиталары бар үйлерде және газ колонкасында, гараждарда, жертөлелерде жиі пайда болады. Сондай-ақ жақында жөндеу жүргізіліп, толықтай іске қосылмаған құрылғыларда улы газдың болуын анықтау өте қиын, себебі ол иісі мен түсі жоқ. Төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері денсаулықтағы, көңіл-күйдегі өзгерістерге де дер кезінде көңіл аудару қажеттігін ескертеді. Егер ұйқышылдық белең алса, ақыл-есі, жүрек соғуының жиілеуі сезілсе, дабыл қағуды бастау керек. Ондай бөлмені дереу босатқан жөн.

Улы газбен (көміртегі тотығымен) улану адамның өлімге әкеп соқтыратын күрделі жағдайлардың бірі болып табылады. Әдетте, ауылдық жерлерде жылыту пешінде ақаулық болған кезде, адамдардың өрт ошағында қалғанда және қозғалтқышы қосылған жабық автомобильде туындайды.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді: улы газдың ең көп тараған көздері – ақаулы газ, май, отын пештері, газ аспаптары, су жылытқыштары және пайдаланылған газды шығаратын қозғалтқыштар. Пештердегі жарықтар, бітелген түтін мұржасы немесе жел қорғанысының болмауынан пеш құбырлары улы газдың тұрғын үй-жайларға жетуіне алып келу мүмкіндігі артады. Сондықтан қайғылы жағдайды болдырмау үшін жоғарыда аталған ескертулер бойынша қашанда қырағы болған жөн.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған