ЖҰМЫСТАР АПТА САЙЫН ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Кентау қаласы, Хантағы ауылында тұрғын үйлерге жылыту маусымындағы Төтенше жағдайларға қарсы профилактикалық шаралары жүргізілді.

Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері ұйымдастыруымен Кентау қаласы, Хантағы ауылында жергілікті ауыл әкімдігі, учаскелік полиция қызметі, №5 жылу энергия станциясы, Кентау электр жүйелері бөлімі қызметкерлері және «Жас Отан» еріктілер қатысуында ауылдағы 156 жеке тұрғын үйлерді аралаумен бірге тұрғындарға жылыту маусымында болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы «Жылыту пештерін қолдануда өрт қауіпсіздігі ережелері», «Жылыту пешінің ақауынан, мұржасынан бітелуінен, газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан иісті газбен уланудың алдын алу шаралары» «Газ қондырғыларын пайдалануда жарылыс, өрт қауіптілігі», «Ақаулы электр қондырғылары пайдалануда, электр желілерінің қысқа тұйықталуынан шығатын өрттер», «Жас балалардың қараусыздығынан шығатын өрттер, алдын алу шаралары» жөнінде ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелері», «Улы газдан уланудан сақтану» арнайы дайындалған жадынамалар үй иелеріне ұсынылды.

Аталған іс-шаралар ауқымды түрде түрлі профилактикалық жұмыстар апта сайын өз жалғасын табады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған