Қарақат Әбден Ақтөбенің орталық базарында сайлаушылармен кездесті

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің Ақтөбе қаласындағы сайлауалды кездесулері жалғасып жатыр. Бүгін үміткер осы өңірдегі сайлауалды штабының өкілдерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстары бойынша жиын өткізді.
Бұдан бөлек, бұқараның барлық өкілдерін қамту үшін Қарақат Әбден өңірлік штаб өкілдерімен бірге халық көп шоғырланған орталық базарға барып, сайлаушылармен жүздесті.
Кездесу барысында Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тұстарына тоқталды.
Еске салсақ, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды, Астана, Екібастұз, Семей, Павлодар, Талғар, Есік қалаларының тұрғындарымен сайлауалды жиын өткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған