Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті активпен кездесті.Кездесу барысында аудандағы криминогендік ахуал, тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Өз кезегінде, облыс прокуроры аудан прокурорына мүдделі органдармен бірлесе отырып, туындаған мәселелерді шешу туралы тапсырмалар берді. Сондай-ақ облыс прокуроры құрылысы аяқталуға жақын Мақтаарал ауданы прокуратурасының жаңа ғимаратының құрылысымен танысты. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бейсембай Төребеков прокуратура ғимаратының құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатқандығын, бекітілген мерзімге қолданысқа беру жоспарланып жатқандығын атап өтті.
Түркістан облысының прокуратурасы баспасөз қызметі