Ағымдағы жылдың 17-23 маусым күндері Қарағанды облысы Спасск оқу жаттығу базасында Айбын 2023 халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өткізілді. Жарысқа Әзірбайжан, Өзбекстан командаларын қосқанда 43 команда 700 жуық жас сарбаздар қатыстысып өз бақтарын сынаған болатын.
Биылғы іс-шара Астананың 25 жылдығына арналды. Жиынның жабылу салтанатына Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Білім министрінің орынбасары Айбат Ілиясов, Қазақстандағы Әзербайжанның әскери аташесі полковник Заур Керімов, Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің өкілі полковник Назим Вахидоглу Аббасов, Өзбекстанның «Ватан тайянчи» әскери-патриоттық қозғалысының бастығы полковник Бахром Зулфикоров, Қарағанды облысының «Намыс» әзербайжан мәдени орталығының төрағасы Гюлага Рзаев, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері қатысты.
Түрлі бағытта өткен сайыстар өте тартысты өтті. Сайыстар арасынан «Smart sarbaz-2023» өнертапқыштар байқауында жас бағдарламашылар қазылар алқасына өздерінің IT-әзірлемелері мен әскери бағыттағы техникалық шешімдерін ұсынды.

ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің ұландары Байназар Есімхан, Леспаев Абдрахман өздерінің қашықтықтан басқарылатын “Робо сарбаз” жобасымен қатысып жүлделі бірінші орынды иеленді. «RoboSarbaz» жобасының авторы, «Робототехника үйірмесінің» жетекшісі, физика пәні педагогі, физика ғылымдарының магистрі, мен – Назерке Қурманғазықызы.
Ұландар қазіргі заман талабына сай роботтарды әскери салаларға қосқысы келеді. Сол себепті “Робо сарбаз” кешенін жасап шығаруды қолға алған. Мақсаттары айқын ұландар жобаны құрастыру мақсатында Arduino жабдықтарын қолданды.

Адам өмірі баға жетпес байлықтардың бірі, себебі біз кез-келген техника, үй, көлік және т.б. дүниелерді жасап шығара аламыз және жөндей аламыз. Ал адам ағзасын қалпына келтіру өте қиын, тіпті мүмкін емес. Адам өмірін сақтай отырып, елдің тыныштығын қамтамасыз ететін және жетістікке жететін технологиялардың бірі бұл – «РобоСарбаз» жобасы.
«Айбын-2023» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында өткен Smart sarbaz-2023 өнертапқыштар байқауында жүлделі бірінші орнынан көрінген «Робо Сарбаз» жобасының мақсаты:
Адам шығынын болдырмау, адами факторлардың алдын алу және әскери қызметшілердің жұмысын жеңілдету.
Қауіпті жағдайларда, суық кезеңдерде және түнгі уақыттарда қарауылдағы әскери қызыметшіні алмастыра алатын Робосарбазымыздың міндеттеріне тоқтала кетсем:
Робосарбаздың міндеті:
1) Оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын күзету
2) Уланған аймақтарды күзету (радиактивті немесе қандай да бір газ, сұйықтықтан уланған аймақ)
3) Әскери бөлімдерде сақшы қызметін атқару
4) Білім саласында: Жас ұлан мектептерінде – тәуліктік кезекші, саптық элементтер және т.б., Әскери оқу орындарда, Әскери техникалардың ттхсы…, Білім бөлімдеріне қарасты азаматтық мектептердің АӘД пәндері…..
ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің ұжымын, сондай-ақ “Робо сарбаз” жобасын құрастырушы жас ұландары Байназар Есімхан мен Леспаев Абдрахманды жетістіктерімен құттықтаймын. Бұл белеспен тоқтап қалмайтынымыз анық. Алда талай жобаларды жасай отырып “Робо сарбазды” бұдан да тереңірек жетілдіру жұмыстары күтіп тұр.
Ділдәбекова Назерке Қурманғазықызы
ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры
Сабыр Рахымов атындағы
Шымкент республикалық
«Жас ұлан» мектебінің
«Робототехника үйірме» жетекшісі,
физика пәні педагогі,
физика ғылымдарының магистрі