ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА БАРДЫ

Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті активпен кездесті.Кездесу барысында аудандағы криминогендік ахуал, тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, облыс прокуроры «Ұлттық мақта өндірушілер мен диқандар одағының» төрағасы Т.Нұрлыбеков және шаруалармен жеке қабылдау өткізіп, мақта бағасына қатысты шағымдарын тыңдап, жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, бақылауға алды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА БАРДЫ

Әрі қарай, екі ауданның шаруаларына стратегиялық маңызы бар Достық каналының жұмысымен танысып, ағын су жүйесімен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс прокуроры аудан прокурорына мүдделі органдармен бірлесе отырып, туындаған мәселелерді шешу туралы тапсырмалар берді.  

Түркістан облысының прокуратурасы баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған