ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ШАРДАРА АУДАНЫНА БАРДЫ

Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев Шардара ауданына келіп, өзекті сұрақтармен танысып, жергілікті активпен кездесті.Кездесу барысында аудандағы криминогендік ахуал, тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Аудан тұрғындарының басым көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысатындығын ескере отырып, облыс прокуроры ағын су тапшылығының алдын-алуға және шаруаларға дер кезінде оны жеткізіп беру қажет екендігін атап өтті.Сонымен қатар, облыс прокуроры стратегиялық маңызы бар Шардара су электр станциясының жұмысымен танысып, жұмысшылармен кездесті.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ШАРДАРА АУДАНЫНА БАРДЫ

Әрі қарай Шардара су қоймасы және Қызылқұм магистральді каналында болып, ағын су берудің жай-күйімен танысты.Кездесу қорытындысы бойынша облыс прокуроры аудан прокурорына мүдделі органдармен бірлесе отырып, туындаған мәселелерді шешу туралы тапсырмалар берді.  

Түркістан облысының прокуратурасы баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған