ТҮРКІСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысының тұрғындары Президент сайлауында белсенділік танытуда. Түскі сағат 16.00-ге дейін облыстағы сайлаушылардың 80,15 пайызы сайлау учаскелеріне барып, таңдау жасап үлгерген. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәлімдеуінше, бұл әзірге республикадағы ең үздік көрсеткіш.

ТҮРКІСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Сондай-ақ, облыстағы дауыс беру процесінің ерекше форматта өтіп жатыр. Мәселен, Түркістан қаласындағы №117 сайлау учаскесінде кітап көрмесі ұйымдастырылса, Кентаудағы №60 сайлау учаскесінде сайлаушылар ән шырқап, көпшіліктің көңілін көтерді. Ал Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылында ұстаздықты ту еткен Есенгелдиевтер әулеті дауыс беруге қатысса, Сайрам ауданы мен Түркістан қаласында 100-ден асқан қариялар өз таңдауларын жасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған