Аудан әкімі С.Сұлтанханов №520 сайлау учаскісіне барып өз таңдауын жасады.

Аудан әкімі С.Сұлтанханов Шәуілдір ауылында орналасқан №520 сайлау учаскісіне барып, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында өз таңдауын жасады.
Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысуға құқығы бар. Бұл құқықты Конституция береді. Сайлау учаскесіне келген азаматтар қандай таңдау жасайтыны маңызды емес. Дауыс беру құқығын белсенді түрде жүзеге асыру маңызды. Сайлауға қатысу – демократия бағытындағы алға жасалған қадам. Бұл – халық билігіне, барлық қазақстандықтардың билігіне жасалған қадам.
Айта кетерлігі ауданда барлығы 40 сайлау учаскісі орналасқан. Сайлаушылардың жалпы саны 28937 адам.
Ауданда орналасқан барлық сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Аудан әкімі ережеге сай сайлау бюллетенін толтырып, таңдауын жасап әрі келушілерге сәттілік тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған