САЙРАМ: БОКСТАН ӘСКЕРИЛЕР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АБЗАЛ ҚҰТТЫБЕКОВ ӨЗ ДАУЫСЫН БЕРДІ

2021 жылы Қазақстан құрамасы Мәскеуде бокстан әскерилер арасында өткен Әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған еді.
91 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз Абзал Құттыбеков «алтын» үшін Ресей чемпионы Иван Сагайдакпен айқасты. Жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Рингтің көркін қыздырған бұл додада ел намысын қорғаған ауданымыздың талантты спортшысы Абзал Құттыбеков шаршы алаңда қарсыластарын тізе бүктіріп, жеңімпаз атанған еді. Мəскеуде өткен əскерилер арасындағы кезекті əлем чемпионатына сайрамдық адуынды боксшы техникалық жағынан жоғары деңгейде өнер көрсетіп, мемлекетіміздің мерейін үстем етіп қайтқан болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған