РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ОҢ НӘТИЖЕСІ БАЙҚАЛУДА

Сайрам ауданының аумағындағы тұрғын үйлерге тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі бойынша және аудан аумағындағы ашық су айдындарына «Суда шомылу қауіпсіздігі туралы» рейдтік іс-шаралар өткізу керек болатын. ​Осыған орай, Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Баймбетов Мухан Рахманкулович сөз сөйлеп, іс-шараның мән-жәйін толыққанды түсіндіріп өтті.
​- Іс-шараға жұмылдырылған қызметкерлер мен жұмыстың нәтижесі бойынша төмендегідей хабарлаймын. ​Ағымдағы жылдың 6 шілде күні Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен Қызметтің Сайрам ауданы №6 өрт сөндіру бөлімі №17, №23 өрт сөндіру бекеті, Сайрам ауданының Ішкі істер қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар , еріктілері, Жарық Транзит ЖШС қызметкерлері, Газ транс газ қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағындағы тұрғын үйлерге тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 867 үй араланып, 3468 адам қамтылды. 1128 адамның қамтуымен аудан тұрғындарымен 8 жиын өткізілді.
​Сонымен қатар, Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы – 6 қызметкер, №6 ӨСБ және №17, №23 өрт сөндіру бекеттерінен – 14 қызметкер, Сайрам ауданының Полиция басқармасынан – 4 қызметкер, жергілікті атқарушы органдар – 4 қызметкер, Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп Сайрам ауданының аумағындағы ашық су айдындарында шомылып жүрген 214 адамға «Тыйым салынған жерлерге шомылуға болмайтындығы және суда шомылу қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.
​Сондай-ақ Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Серікбаев Мұрат Талғатұлы «Тыйым салынған жерлерге шомылуға болмайтындығы және суда шомылу қауіпсіздігі бойынша» атқарылған істердің оң нәтиже беріп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, күнделікті рейдтік іс-шаралардың өткізудің арқасында Сайрам ауданының аумағындағы ашық су айдындарына келіп суға түсетін демалушылардың саны азайғаны анықталған.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған