ЕКІ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТІ ІЗДЕУ ӘЛІ ДЕ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары екі шетелдік студентті іздеу жұмыстарын 14 күннен бері жалғастыруда. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
11 шілде күні екі шетелдік студенттің бірінің әкесі оқиға орнына келді. ТЖД бастығы Н. Жунусов екі шетелдік студенттің әкесін суға батқан жеріне апарып іздестіру жұмыстарының барысын көрсетті. Сонымен қатар департамент бастығы іздестіру жұмыстары әрі қарай жалғасатынын айтты.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы 26 маусым күні сағат 20:10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын.
Демалыс аймағына 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған