ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАРДЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және № 13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Қазығұрт ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп Қазығұрт ауданы аумағында «Тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу» және «Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі хабарлады.

Іс-шара кезінде «Тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу» және «Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» жөнінде азаматтарға түсіндірме жасап, табиғат аясында, тұрғын үйлерде, су айдындарында ескере бермейтін жағдайларға мұқият болу ұсынылып, жадынамалар таратылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған