ОҚУ ЖАТТЫҒУЛАР КЕСТЕГЕ САЙ ӨТУДЕ

2022 жылдың 14 шілде күні, Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауылы Б.Момышұлы көшесі 51 мекен жайда орналасқан «Заречное темір тасымалдау» базасында, шілде айындағы өткізілетін өрт тактикалық оқу жаттығулар кестесіне сәйкес, іс-шара өтті.

Темір тасымалдау базасының жанар-жағар май қоймасында шартты түрде өртті сөндіру Отырар ауданының 9-өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірге өткізу жоспарланған еді. Осыған орай 9-өрт сөндіру бөлімінен 1 техника, 8 қызметкер Төтенше жағдай бөлімінен 2 қызметкер оқу жаттығуға қатысты. Жаттығу барысында қызметкерлердің қалай әрекет ететіндігі пысықталып, құрамның және құрал-сайманның сай екеніне көз жеткізілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған