ЕГІН ОРУ КЕЗІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕСТЕ БОЛСЫН!

Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Кершетас ауылындағы егістік алқабындағы шаруа қожалық жұмысшыларымен егін ору кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жұмысшыларға:

– Егін алқаптары айналасы мен техникалардың жанар-жағармай құю, жөндеу, дәнекерлеу, тамақ дайындау жұмыстары жүргізілетін орындар 4 метр ендікте минаралды жолақтар істеліну қажет;

– Техникалар ұшқын қайтарғыштары мен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс;

– Темекі шегуге ашық оттарды пайдалануға тыйым салынды;

Егер сіз өрт немесе тұтану оқиғасын байқасаңыз тез арада 101-112 телефонына хабарласыңыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған