ОТЫРАР АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ ЕСКЕРТЕДІ!

Отырар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газ толтыру бекеттері мен станцияларына барып өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Рейд жүргізу барысында тұрғындар тұрмыстық газ баллондарын автогаз құю станцияларынан сатып алғаны немесе сұйытылған газ құйғызғандығы анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша ескертулер жасалып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрмыстық газ баллондарына рұқсаты бар газ толтыру бекеттері мен станцияларында газ құюға, газ толтыруға болатыны жайында ескертпе жасалды.

Құрметті Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтары, өзіңізді өрттің қауіп-қатеріне душар етпеңіз! Әрдайым өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтаңыздар! Өртке қарсы қызмет телефоны «101» .

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған