ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ – ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕГІ БАСТЫ ҚАҒИДАНЫҢ БІРІ

Қазіргі таңда ауа райының ыстық болуына орай суға шомылушылардың саны арта түсуде. Осыған орай Түркістан облысы Отырар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп балалар мен жасөспірімдер арасында суға бату оқиғасын болдырмау мақсатында аудан аумағындағы шомылуға тыйым салынған орындарында ескерту жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында шомылып жүрген азаматтар мен балаларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар таратылды және де демалыс орындарындағы бассейндердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және судағы демалушылардың жарақат алып қалмауына, оқыс оқиға болуына жол бермеу мақсатында судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігі бойынша демалушыларға және ата-аналарына, демалыс орнының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аудан тұрғындарының назарына! Кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға, тек арнайы, белгіленген шомылу орындарында шомылу қажеттігін ескертеміз!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған