ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУДЫ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЙЫҚ!

Түркістан облысында дала, орман өрттерінің алдын алу бойынша іс-шаралар жалғасуда. Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №14 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жазғы өрт қауіпті кезеңінде дала өрттерінің алдын алу тақырыбында жеке кәсіпкерлер мен жұмысшыларға, тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жаднама парақтарын таратып, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауын ескертті!

Айта кетейік, тілсіз жау адам өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, ел экономикасына айтарлықтай материалдық шығын әкеледі. Ал орманды және дала алқабының өртенуіне шөптің өздігінен жануы басты себеп болып жатады. Сонымен қатар, өрттің басым бөлігі тұрғындар еңбек етіп немесе демалып жатқан жерлерінде өрт қауіпсіздігін сақтамауынан, ақаулы техниканы пайдаланудан орын алуы мүмкін. Демек, дала өртінің негізгі себептерінің бірі – адамның отқа ұқыпсыз қарауы, яғни, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы. Өкінішке қарай, тұрғындардың көбі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныс емес. Отты сақтықпен пайдалануға дағдыланбағандардың қатары көп. Ескере жүрейік, жанып тұрған сіріңкенің шиін, темекі тұқылын жерге тастамау, бекітілмеген жерлерге, екпелерге, бұрын жанған ағаштарға, орманның зақымдалған учаскелерінде, сондай-ақ, ағаш бұтақтарының астында және кепкен шөбі бар жерлерде от тұтатпау қажет.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған