«ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТАТЫН БОЛАМЫЗ»

Бүгін аудан әкімі Арман Айдарұлы Ақжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Аудан басшысы бірінші кезекте былтырғы жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталып, одан соң алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Біздің мақсатымыз – сіздермен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылау. Себебі ауыл мәселесін сіздерден артық білетін ешкім жоқ. Айта кетсем, ауданымызда туризм және аграрлық салалары аса қарқынмен дамуда. Алдағы уақытта да аудан көлемінде ауылдарды дамыту жұмыстарын қарқынмен жалғастырып, инвестиция тарту көлемін ұлғайтатын боламыз, – деді Арман Айдарұлы.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, асфальт жол салу, жұмыспен қамту, әлеуметтік медициналық көмек, мектеп салу, астауларды (латок) тазалау, игерілмей жатқан жерлерді қайтару туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.

Аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, заңға сәйкес тиісті жауап берді.

Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар жарықтандыру мәселесін көтерді. Аудан басшысы ауыл тұрғындарын қабылдау барысында ауыл әкімі мен тиісті мекеме басшыларына өтініштерді назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.

Сондай-ақ Арман Айдарұлы Дербісек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Алдымен аудан басшысы былтырғы жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталып, одан кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Бүгін өздеріңізбен арнайы кездесіп тұрмын. Мақсат – талаптарыңыз бен ұсыныстарыңызды тыңдау. Бюджеттің жағдайы белгілі, барынша тиімді қолданып, бірінші кезекте халыққа аса маңызды жарық, жылу, жол, ауыз су мәселелерін шешуге күш саламыз. Сіздердің әрбір өтініштеріңіз назарға алынып, алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай тиісті жұмыстар атқарылатын болады, – деді аудан басшысы.

Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан аудан басшысына жарықтандыру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, аяқ жол салу, жол кедергілерін орнату, саябақ, ағын су, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, ауыз су тарифі, әскерге жіберу бойынша үгіт насихат жұмыстарын күшейту, тозығы жеткен электр бағаналарын және электр желілерін жаңарту мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған