ҚҰРҒАҚ ҚҰРЫЛЫС ҚОСПАЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН РЕСЕЙЛІК БРЕНД ТҮРКІСТАННАН ЗАУЫТ АШУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров құрғақ құрылыс қоспаларын, гипсокартон және ойық плиталар шығаратын Ресей нарығындағы №1 «ВОЛМА» брендінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу аясында инвесторларға облыстағы маңызды әлеуетті инвестициялық алаңдар, Оранғай мен Кентаудағы АЭА өнеркәсіптік субзоналар, әлеуетті кен орындары таныстырылды.

Айта кетейік, «ВОЛМА» – федералды өндірістік компания, құрғақ құрылыс қоспалары, гипсокартон және ойық плиталар шығаратын №1 ресейлік бренд.

Құрылыс-әрлеу материалдары нарығында 1999 жылдан бастап дамуда. Негізгі қызметі: өз кен орындарында табиғи гипс тасын өндіру және гипс, сондай-ақ цемент негізінде құрылыс-әрлеу материалдарын өндіру. Компанияның құрылымына 8 өндірістік алаң, оның ішінде Волгоградтағы, сондай-ақ Мәскеу облысындағы, Орынбордағы, Адыгеядағы, Татарстандағы, Челябинскідегі және Иркутск облысындағы 2 зауыт кіреді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған