«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ» АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жане №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында сенбілік ұйымдастырып, Келес ауданы аумағындағы осал топтағы азаматтардың, көп балалы аз қамтылған отбасылардың, мүгедектер мен зейнеткерлердің тұрғын үйлеріне барып, газ қондырғыларын, электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты. Аз қамтылған отбасыларға аудан әкімшілігі тарапынан орнатылған газосигнализаторлардың жарамды жағдайда екендігі тексерілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған