АРЫСТА ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӘУЛЕТІ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Арыс қаласында атадан балаға, одан немереге жалғасқан кәсіпті киелі санайтын әулеттер бар. Бұл олардың өз кәсібіне деген адалдығы мен шексіз құрметі. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Арыс қаласында осындай теміржолшылар династиясының бірі – Ибрагимовтер әулеті. Бұл әулетте бір атадан тараған 15 баланың  барлығы бүкіл ғұмырын теміржол саласына арнаған. Жасы биыл 100-ге келген Алтай атадан тараған ұлы мен немерелерінің теміржолдағы еңбек өтілдерін қосқанда жалпы 750 жылды құрайды.

АРЫСТА ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӘУЛЕТІ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

«Біздің әулеттен 15 теміржолшы шыққан. Бүгінгі науқаннан қалмай өз таңдауымды жасауға ұлдарым мен немелерімді ерте келдім. Еліміздің келешегі кемел, болашағы баянды болсын», – деді ақсақал.

Сайлауға белсене атсалысу әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз деген Ибрагимовтер әулеті қазақ елінің болашағына тікелей әсер ететін сайлаудан шет қалмай өз таңдауларын жасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған