ШАРДАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНДАР ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Бүгін, 19 наурыз таңғы сағат 07:00-ден бастап Шардара ауданындағы барлық сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады. Алғашқы дауыс берушілерге сый-сияпаттар жасалып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бүкіл әлемге танымал «Шардара Армспорт» спорт клубының чемпиондары дауыс берді.

«Сайлау науқанына қатысу әрбір азаматтың міндеті деп білеміз. Өйткені мұнда ел болашағы тұр. Әрбір тұрғын өз жауапкершілігін сезінуі керек деп ойлаймыз. Біз әлем алдында еліміздің абыройын көтерсек, сайлауда елдің халыққа сенім артқан жүгін көтерудеміз», – деді чемпиондар.

Аудан бойынша 43727 сайлаушы бар, ол халықтың 54 пайызын құрайды.

Шардара ауданында 1 аудандық сайлау комиссиясы және 33 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Аталған учаскелердің 2-уі жабық сайлау учаскесі. Жаңадан ашылған сайлау учаскелері жоқ. Барлық сайлау комиссиялары орналасқан жайлар мен дауыс беру өтетін орындар заңға сәйкес материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталып, санитарлық нормалары сақталған. Байланыс телефоны, қосымша электр көздерімен толық қамтылған.

Айта кетсек, бүгін Шардара қаласындағы қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетіп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған