АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНА 7 ҮМІТКЕР ҰСЫНЫЛДЫ

«Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясында бірқатар мәселелер қаралды. Сессия жиынына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты» деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Күн тәртібіндегі Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясын, Шымкент қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларын және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихаты уақытша комиссиясының төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы мәселе мәслихаттың комиссияларының бірлескен отырысында, «Нұр Отан» партиясы мәслихаттағы фракциясының мәжілісінде де егжей-тегжей талқыланған. Аумақтық сайлау комиссиясына 4 саяси партия, 3 қоғамдық бірлестіктің ұсынысы бойынша 7 үміткер ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» №41/329-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесін де депутаттар бірауыздан қолдады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған