БАҒАНЫҢ НЕГІЗСІЗ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

«Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жалғас Мұртазаның төрағалығымен кеңес отырысы өтті» деп хабарлайды Жамбыл облысы, Меркі ауданы әкімі аппаратының ақпараттық порталы.

Аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Тілеубаев, жер қатынастары бөлімінің басшысы Беркінбек Бижігітов, аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Динара Садирова, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мұхтар Тіленшиев, аудандық статистика басқармасының басшысы Айдар Қабатаев және ауылдық округ әкімдері қатысқан басқосуда кәсіпкерлік саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды. Дәлірек айтқанда, округ аумағындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне түгендеу жұмыстарын жүргізіп, олар бойынша паспорт әзірлеу, округ аумағында іске асырылатын инвестициялық жобаларға талдау жасап, инвестиция тарту мәселелерін қолға алу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ «Индус­триалды-инновациялық даму» мемле­кеттік бағдарламасы аясында өнім өн­діруші немесе өңдеуші кәсіпорын ашуға ниеті бар инвесторларды тарту бойынша пәрменді шаралар қабылдау және іске асырылатын жоба­лар­дың толық қуатында жұмыс жасауына қолдау көрсетілмек. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың 2017-2021 жылдарға ар­нал­ған» бағдарламасының кәсіп­керлікті дамыту шаралары арқы­лы мемлекеттік қолдауды қажет ететін кәсіпкерлерді тартудың тетіктері де қарастырылып отыр. Шағын бизнесті дамыту мен «Биз­нестің жол картасы-2020», «Береке-3» бағдарламала­рының тетік­­терін пайдаланып, аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдауларды алу шарттары толық түсіндірілетін болады.

«Азық-түлік және өзге де тауарлар бағаларына күн­де­лікті мониторинг жүргізіп, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шара­ларын қабылдау секілді маңыз­ды мәселелер айтылып, нақты шешімдер қабылданды» деп жазады asa.zhambyl.gov.kz порталы.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге кеңінен тоқталып, бұ­дан өзге де салалар бойынша ауыл­дық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған