ТАҒЫ ЕКІ БАЛА АТА-АНАСЫМЕН БІРГЕ ЫСТЫ ГАЗДАН УЛАНЫП КӨЗ ЖҰМДЫ

Павлодар облысында екі бала ата-анасымен бірге ысты газдан уланып көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәліметіне сілтеме жасап.  «Ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасынан төрт адам – ата-анасы мен 4 және 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза тапты», – дейді департаментте. Алдын ала болжам бойынша, өткен түні пештен ақау шыққан. Күні бойы отбасынан ешқайсысы байланысқа шықпаған соң сағат 21.00-де туыстарының бірі Бекбатыровтардың үйіне барғанда есік ішінен жабық тұрған. Оны бұзып кірген ер адам отбасы мүшелерін тіршілік белгілерінсіз жатқан күйінде тапқан. Павлодар  облысының әкімі Болат Бақауов көз жұмған отбасының туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған