ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРҒА СЫЙ ЖАСАДЫ

Түркістан облысының полицейлері балаларға велоқұрылғы, аяқ пен қолға массаж жасайтын құралдарды сыйға тартты. Бұл туралы ТО ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Наурыз мерекесі – бұл жаңару мен достықтың, бейбітшілік пен еңбектің мерекесі. Ізгі тілектер айтылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге арналған іс-шаралардың жүзеге асырудың нағыз қолайлы кезі.

Наурыз мерекесі қарсаңында Созақ АПБ қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталыққа барды. Тәртіп сақшылары балаларды келе жатқан ұлыстың ұлы мерекесі Наурызбен құттықтап, аяқ пен қолға массаж жасайтын құрал мен велоқұрылғы, сондай-ақ тағы да басқа сыйлықтарды тарту етті. Орталықтың қызметкерлері, тәрбиеленушілері және олардың ата-аналары Созақ АПБ полицейлеріне уақыттарының тығыздығына қарамастан арнайы көңіл бөліп, сыйлықтарды сыйға тартқандары үшін шын жүректен алғыстарын айтты.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері балаларға мықты денсаулық, мол қуаныш тілей отырып, полицейлер тарапынан осындай игі бастамалардың дәстүрлі түрде болашақта да жалғасын табатынын атап өтті.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған