ҚҰНЫ 235 МИЛЛИОН ТЕҢГЕЛІК ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ

Шымкенттегі «Тассай» индустриялды аймағында құны 235 млн теңгелік жаңа кәсіпорын іске қосылды. Қазақстандағы алғашқы глюкоза-фруктоза шәрбәтін шығаратын биотехнологиялық кешеннің ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Данат Жумин, «Ғылым қоры» АҚ төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Биотехнологиялық кешенде жүгеріден глюкоза-фруктоза шәрбәті, қантсыз сусындар мен кондитерлік тәттілер, жеміс консервілері шығарылады. Одан бөлек шикізат қалдықтарынан үй жануарларына жем өндірілмек.

Бұл жоба ҚР Білім және ғылым министрлігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің химиялық технология және шикізаттық кешенді өңдеу ғылыми зерттеу институтының бір топ ғалымдары мен «АлиКа групп» ЖШС-нің үш жақты келісімімен жүзеге асырылып отыр. Жоба 2016 жылы «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырған ғылыми жұмыстар байқауында грант жеңіп алған.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ химиялық технология және шикізаттық кешенді өңдеу ғылыми зерттеу институтының директоры Абдуғани Азимов айтуынша, қант қоспасынсыз шығарылатын отандық өнім алдағы уақытта нарыққа шығарылады. Биотехнологиялық кешеннің қуаттылығы тәулігіне 3 тонна глюкоза-фруктоза шәрбәтін, 6 тонна сусын, 4 тонна кондитерлік өнім мен жеміс консервілері, 2,5 тонна биокорм өндіруге жетеді. Шикізатқа өңіріміздің өнімдері қолданылады. Айта кетейік, жаңа кәсіпорында 40 жұмыс орны ашылып отыр.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған