ЕРКЕК АҚЫЛДЫ МА, ӘЙЕЛ МЕ?

Еркек ақылдырақ па, әйел ме? Бұл ғалымдарды да мазалап жүрген көп сауалдың бірі екен. Жақында олар әріптестерінің зерттеулеріне сүйеніп, осы сұрақ аясында біраз ізденіп көріпті.

Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, еркектер арасында IQ (интеллект коэфиценті) деңгейі 155-тен асатындар әйелдермен салыстырғанда алты есе көп кездеседі екен. Зерттеуді осы жерден тоқтатып, «сұрақтың жауабы табылды» деуге де болар еді, бірақ… Ерлер арасында ақыл-есі кем жандар да жиі кездесетін болып шықты.

Әйелдердің миындағы ортақ бөлгіш интеллекттің бір сарында таралуын қамтамасыз етеді. Сондықтан нәзікжандыларда IQ көрсеткішінің бірден өсуі немесе құлдырауы болмайды. Есесіне үнемі өзгеріс жасауға, дамуға ұмтылатын ерлердің көрсеткіші құбылмалы келеді екен.

Сонымен, ғалымдар «адамның интеллекті биологиялық жынысына тәуелді емес» деген қорытындыға келіп отыр. Дегенмен болашақта бұл пайым өзгеріске ұшырауы ықтимал. Себебі, соңғы жылдары IQ деңгейі 155-тен асатын әйелдер көбейе бастаған.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған