ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ҚОС ҒАЛЫМ

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында «Әлем таныған қаржандық қос ғалым» атты ғылыми конференция өтті. Ол 130-дан астам ғылыми еңбегі, 8 ірі монографиясы жарияланып, ғылымға сүбелі зор үлес қосқан Өнер Жамаловтың 110 жылдығы және «Өзбекстанға қызмет сіңірген экономист» Қажыәкбар Сәлімұлының 90 жылдығына байланысты ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев конференцияда Өнер Жамалов пен Қажыәкбар Сәлімұлының еңбек жолдарына тоқталып, ауданнан шыққан ғалымдарды мақтаныш етіп, кейінгі жас ұрпақты осы бағытта тәрбиелеу керектігін айтты. Конференция барысында Түркістан облысының Құрметті азаматы М.Ильясов, П.Жамалов және өзге де зиялы қауым өкілдері баяндама жасады.

Іс-шара барысында академик Өнер Жамаловтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, арнайы бұрыш ашылды. Профессор Қажыәкбар Сәлімұлы атындағы география дәрісханасының және Нұрғали Исабаев атындағы математика дәрісханасының тұсаукесері өтті.

Конференция барысында Алтынтөбе ауылдық округі мектептерінің арасында алдын-ала өткізілген пәндік (физика-математика, жағрапия) олимпиада жеңімпаздары марапатталды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған