ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР САЛАСЫ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

2022 жылдың 19 қазан күні Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Н. Жунусовтың төрағалығымен «19 қазан – Құтқарушылар күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізіліп, азаматтық қорғау ардагерлері мен қызметкерлері азаматтық қорғау органының дамуына қосқан үлестері үшін төсбелгі және алғыс хаттармен марапатталды.

Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді.
Бүгінде құтқарушылар төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысуға дайын болу үшін арнайы, медициналық, психологиялық әзірлігін, авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы қызмет дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады.
Құтқарушылардың жұмысы өз өміріне қауіпті болып келеді. Дегенмен олардың алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу.
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын – дей отырып, мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман-сау болыңыздар! Құтқарушылар күні мерекесі құтты болсын.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған