СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Түркістан қаласы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының  ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды міндет» тақырыбында жиын өткізілді. Түркістан қаласындағы нөмірі 39-шы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ғимаратының мәжіліс залында аталған бөлім бастығының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Әзиз Байтастың модераторлық етуімен өткен шараға Түркістан қаласындағы нөмірі 1-ші және нөмірі 39-шы өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамдары қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жиынға қатысып сөз сөйлеген Түркістан қалалық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөніндегі қоғамдық кеңесінің» мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев,Түркістан қаласындағы «Мағзаман»мешітінің имамы Камран Шерахмет,Түркістан қалалық полиция басқармасы Патрульдік полиция взвод командирі, полиция аға лейтенанты Әділ Абдухаймовтар өз ойларын ортаға салды. Дамудың жаңа бағытына бет бұрған елімізде кез келген құқық бұзушылыққа, әсіресе, сыбайлас жемқорлық сияқты дертке қарсы күрес мемлекет тарапынан тоқтамай жүргізілетіндігін, осындай келеңсіз жайлардың алдын алу баршамыз үшін маңызды міндет екендігіне тоқталған сөз сөйлеушілер, ол үшін әрбір қызметкер өзінің берген антына берік болуы керектігін, адамгершілік пен парасаттылықты, ізеттілік пен инабаттылықты, тиянақтылық пен тәртіпті әрқашан жоғары деңгейде ұстау қажеттілігін атап өтті.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан болған сұрақтарға жауаптар берілген соң Түркістан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Алпысбаев күн тәртібіндегі мәселенің өте маңыздылығына тоқталып, осы жиынға қатысып әрі сөз сөйлеген азаматтарға алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады.

Осы бағыттағы жиын Сарыағаш ауданында да жалғасын тапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының төрағасы Асанов Арслан Арынұлы, жол патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Байназаров Самат Баймағамбетұлы және аудандық орталық мешіттің наиб имамының қатысуымен Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің №14 өрт сөндіру бөлімі, №25, 33 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамына Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерімен қауіпсіздігін сақтау және жеке құрам арасында өз-өзіне қол жұмсау, діни экстремизм және терроризмге бет бұруды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған