ЗАҢ БҰЗУШЫ ДІНИ АҒЫМ ЕЛІМІЗДЕ ЕРКІН ӨМІР СҮРУГЕ ТИІС ЕМЕС

Ордабасы ауданында Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен діни ағымдардың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен Мемлекеттік қызметкерлер арасында діни ағымдардың алдын алу тақырыбында жиын өтті. «Бегалы ата» мешітінің имамы қатысуымен өткен шара барысында жалпы қоғамда сипат алып жатқан ағымдардың жетегінде кеткен азаматтардың мемлекетіміздің конституциясын, заңдарын мойындамауы сияқты фактілер жиі кездесетіні айтылып, көпшілікке түсіндірілді.

Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстан өзінің мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасын өзінің тарихына, ұлттық мүдделеріне және өмір талаптарына, шетелдердің тәжірибесіне сүйене отырып қалыптастыруға мүмкіндігі бар. Бұл ретте, сөзсіз республикамызда басымдық дәстүрлі діндер жағында. Зайырлылық лайықсыз және өнегесіздік жағдайларға жол бермейді, сонымен қатар, ол кейбір теріс діни немесе сектанттық ағымдарды ұстанушылардың қоғамдағы екінші бір адамдарға ықпал етуіне тосқауыл қоя алады.

Көп жағдайда сектанттық ағымдарды таратушылар азаматтардың жеке өміріне барынша араласуға және олардың ықпалына түскен адамдардың мінез-құлқын барынша өзгертуге тырысады. Олар өз ықпалына түскен адамдардың зорлықпен киім киістерін, ішетін тамақтарын, діни дәстүрлерін өзгертуге және адамның санасы мен дүниетанымын бағындыруға күш салады. Біздің еліміздегі мемлекет және діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасындағы модель адамдардың еркіндігі мен құқығын құрметтеудегі демократиялық үдерістерге, қоғамдық және діни мүдделердің тепе-теңдігіне және өзара түсіністік пен қалыпты жағдайда бейбіт қатар өмір сүруіне негізделген. Діни сенім еркіндігі саласындағы мемлекеттік саясаттың үш негізгі принциптерін айрықша бөліп көрсету керек, олар – бейтараптық, толеранттылық және теңдік. Бұл ретте ең басты мәселе мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпау жөніндегі бейтараптығы болып табылады. Толеранттылық принципі діни сенімге деген құрметпен ерекшеленеді. Теңдік принципі заң алдындағы барлық діни бірлестіктердің және әртүрлі діни сенімдегі өкілдердің теңдігін айқындайды. Сондықтан зорлық-зомбылыққа шақыратын конституциялық құрылысты құлатуға, билікті өзгертуге және басқа келеңсіздіктерге үндейтін кез келген діни бірлестік заң бұзушы ретінде одан әрі еркін өмір сүруге тиісті емес.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған