Сайлау учаскелеріндегі атқарылатын жұмыстар жайлы түсіндіріп берді

«Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалы төрағасының іс-сапары Түркістанда жалғасты.

Филиал төрағасы Бақытжан Әшірбаев Республикалық референдумды өткізу барысында сайлау учаскелеріндегі атқарылатын жұмыстар жайлы айтумен қатар, олардың міндеттері мен құқықтарын түсіндіріп берді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытуға шақырды.

mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған