САУРАН АУДАНЫ ЖҮЙНЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев Сауран ауданы, Жүйнек ауылының тұрғындарымен жүздесті. Бұл туралы Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы хабарлады.

 Бақытжан Жармаханұлы Республикалық референдумда қаралатын мәселе – Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы атап өтті.

Спикер «А.Югнаки» атындағы жалпы орта мектебінің ұжымымен  де кездесу өткізіп, конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырды.

Тұрғындар мен мектеп ұжымы өз тараптарынан еліміздің  Ата заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын білдірді..

mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған