МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Түркістанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу жұмыстары сараланған мәжіліс өткізілді. Аталған мәжіліске мемлекеттік органдардан басқа облыстағы азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыруға тікелей әсер ететін ауыл шаруашылығының ірі тауар өндірушілері, сауда нүктелерінің, базарлардың, наубайханалардың иелері қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық басқармалар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттері азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Арман Сабитов бағаларды тұрақтандыру мақсатында дүкендерді күнделікті аралап шығуды, тұрақтандыру қорында азық-түлік тауарларының қорын қалыптастыру бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеретін өндірушілер мен жеткізушілер бойынша жұмысты ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ «Turkistan» ӘКК» АҚ-ға «Айналым схемасы» шеңберінде тауар өндірушілерге әлеуетті қарыз бөлу мәселесін одан әрі пысықтау бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар күнделікті бақылауда және тиісті шаралар қабылданып жатыр.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған