САУРАНҒА КӨПТЕН КҮТКЕН КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТТІ

Құрылғанына енді ғана 1 жыл толған Сауран ауданына көптен күткен көгілдір отын келді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Ауданға қарасты Үшқайық ауылдық округі табиғи газ жүйесіне қосылды. 4 мың халқы бар Теке елдімекенінен басталған газ беру жұмыстары мамыр айында Жалаңтөс, С.Қожанов, Нұртас елді мекендерінде жалғасын табады.

Тұрғындарды көгілдір отынның келуімен құттықтаған аудан әкімі Ғани Рысбеков табиғи газға қосылу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау аса маңызды екенін атап өтті.

Үшқайық ауылдық округіне табиғи газ Түркістан қаласындағы автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы беріледі. Аудан әкімшілігі мен «ҚазТрансГаз» АҚ елді мекендердегі барлық көшелерге газ құбырларын тарту жұмыстарын жүргізген. Бұдан кейін әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, мердігерлермен келісім шартқа тұрады. Құжаттары түгелдегеннен кейін жеке шот ашылып, абоненттер санына қосыла алады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған