«ИНТЕЛЛЕКТ БАТТЛ» БӘСЕКЕСІНДЕ «КАПИТАНДАР» ТОП ЖАРДЫ

Көрерменнің сүйікті жобасына айналған Гүлжан Серіктің авторлық “Интеллект баттл” жазғы маусым зияткерлік кеші өз мәресіне жетті. Кенді шаһар Кентауда өткен іс-шараға жақын ауылдар мен қала, аудан, облыс төңірегін қосқанда 17 команда қатысты.

Жоба нәтижесінде бірінші орынды Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен құралған “Капитандар”, екінші орынды Кентау қалалық Мәдениет үйінен құралған “Шабыт”, әр сала өкілдерінен құралған “Бұйырғаны”, үшінші орынды Байылдыр ауылы әкімдігінен құралған “Байылдыр”, Ащысай ауылы әкімдігінен құралған “Ачполиметалл”, Сауран аудандық Жастар ресурстық орталығынан құралған “Сауран жастары” командасы иеленді. “Ең үздік ойыншы” номинациясын “Капитандар” командасының ойыншысы Манас Сұлтанәліұлы Хайдар, “Бұйырғаны” командасының ойыншы Жомарт Маратұлы Әбдірахман, “Сауран жастары” командасының ойыншысы Смағұл Мақсатұлы Қалжан жеңіп алды. Ұлттық нақышта өткен зияткерлік кеште жеңімпаздарды Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов мырза марапаттады.

Сала қызметкерлерін жеңістерімен құттықтаймыз!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған