СЕЛ ТАСҚЫНЫН ТӨНДІРУ ҚАУПІ ЖОҚ

Түркістан облысының Төлеби, Түлкібас аудандары аумақтарындағы су қоймалары мен тауларындағы мұздық көлдерге әуеден шолу жасалды.

Ағымдағы жылдың 23 тамыз күні облыстағы сел тасқынының алдын алу үшін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Н. Жунусов, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Е.Сарыбаев, Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Рахмбердиев,«Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірлесіп, ЕС-145 тік ұшағы 3500-4000 метрге дейінгі биіктіктегі Төлеби, Түлкібас аудандары аумақтарындағы су қоймалары мен тауларындағы мұздық көлдерге және Сайрамсу, Өгем, Майдантал, Балдыбрек, Ақсу бассейіндік өзендерге аэровизуалды шолу жасалып, сел қауіпі бар учаскелер қаралды. Нәтежесінде, мұздық көлдердің жағдайы қалыпты, сел тасқынын төндіру қауіпі жоқ екендігі анықталды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған